Отзывы
Главная / Отзывы
Хадж
Умра
Туризм
Другие отзывы
Ең алдымен Аллаһқа көптеген шүкірлер болсын! Қажылық жасау ұзақ жылғы арманым еді, биыл сол арманым орындалып, Раббымның алдындағы бесінші парызымды өтедім. Ұшақ бойы толқумен болдым. Ал, Қағбаны алғаш көрген кезімде көзіме жас келіп, дәл сол сәтте сезінген сезімімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлығының үстінде ақ ихрамдары, Қағбаны айналып тауап етуде. Әртүрлі миллиондаған халық. Бір-бірлеріне күлімсіреп мейіріммен қарайды.
Ең алдымен Аллаһқа көптеген шүкірлер болсын! Қажылық жасау ұзақ жылғы арманым еді, биыл сол арманым орындалып, Раббымның алдындағы бесінші парызымды өтедім. Ұшақ бойы толқумен болдым. Ал, Қағбаны алғаш көрген кезімде көзіме жас келіп, дәл сол сәтте сезінген сезімімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлығының үстінде ақ ихрамдары, Қағбаны айналып тауап етуде. Әртүрлі миллиондаған халық. Бір-бірлеріне күлімсіреп мейіріммен қарайды. Арафаттағы тұрған сәтімнің өзі мен үшін ең үлкен бақыт. Мен өз атымнан, балаларымның атынан сапар бойы қызметімде болған «Хикмет Travel» ұжымына алғыс айтамын. 20 күн бойы жатқан қонақ үйлеріміз, екі мезгіл ұсынып отырған тамақтары барлығы өте керемет, жоғары деңгейде болды. Қажылықта туындаған сұрақтарыма тез әрі нақты жауап беріп отырды. Білімді әрі білікті мамандардан құрылған ұжым. Еңбектеріңіз жансын! Аллаһ сансыз сауап берсін сіздерге!
САУСАҚБАЕВА АҢСАҒАН
Алматы
Мен балаларым мен қызымның қолдауымен қажылыққа баруға ниеттеніп, мына жасымда маған жақсы қызмет көрсететін компания іздеп, «Хикмет Travel» компаниясын таңдадым. Бұл таңдауыма өкінген жоқпын. Қажылығымды өте жақсы атқардым.
Мен балаларым мен қызымның қолдауымен қажылыққа баруға ниеттеніп, мына жасымда маған жақсы қызмет көрсететін компания іздеп, «Хикмет Travel» компаниясын таңдадым. Бұл таңдауыма өкінген жоқпын. Қажылығымды өте жақсы атқардым. Минада, Арафатта, Мұздалифада болған сәттерімде көп нәрселерге көзім жетіп, қажылықтың рәсімдері арқылы өмірдің мәнін ұғындым. Аллаһ тағала дертпен де сынаған сәтте Хикмет ұжымының жігіттері әрдайым жанымнан табылып отырды. Алғысым шексіз сіздерге.
ШӨЖЕБАЕВА НАДИЯ
Алматы
Самая лучшая компания Хикмет тревел !!! Мы паломники из Тараза выражаем огромную благодарность за искренне теплое отношение коллектива Хикмет тревел к своим паломникам! Удачи вам ребята, процветания вашей компании, Аллах риза болсын.
Самая лучшая компания Хикмет тревел !!! Мы паломники из Тараза выражаем огромную благодарность за искренне теплое отношение коллектива Хикмет тревел к своим паломникам! Удачи вам ребята, процветания вашей компании, Аллах риза болсын.
МУРЗАХАЛОВ РУСТАМ
Тараз
Шүкір Аллаһқа! Алғашқы жасаған қажылығым бұл. Қасиетті мекен, әлемнің әр бұрышынан келген миллиондаған адамдар, күлімсіреген жүздер, Қағба, оған қарап жылап жатқан көздер есімнен шығар емес. Қағбаға алғаш назар салып қарап, оның жанына жақындаған сәттегі сезімдерімді айтуға сөзім жетпейді. Сағыныш пен қуаныштан қос көзіме ерік беріп ұзақ жыладым. Толқығаным соншалық, жаттап дайындалған дұғаларымның ешбірі ойыма келмеді. Тек қана Аллаһым... Аллаһым... Сенің құлың құзырыңа келді деп қайталай беріппін.
Шүкір Аллаһқа! Алғашқы жасаған қажылығым бұл. Қасиетті мекен, әлемнің әр бұрышынан келген миллиондаған адамдар, күлімсіреген жүздер, Қағба, оған қарап жылап жатқан көздер есімнен шығар емес. Қағбаға алғаш назар салып қарап, оның жанына жақындаған сәттегі сезімдерімді айтуға сөзім жетпейді. Сағыныш пен қуаныштан қос көзіме ерік беріп ұзақ жыладым. Толқығаным соншалық, жаттап дайындалған дұғаларымның ешбірі ойыма келмеді. Тек қана Аллаһым...Аллаһым...Сенің құлың құзырыңа келді деп қайталай беріппін. Ұзақ жылғы сағынышыма айналған қасиетті жердегі әрбір минутым жадымда. Құлшылық амалдарымды да барынша реттелігімен, дұрыс атқара алдым деген ойдамын. Себебі, елден шықпастан бірнеше ай «Хикмет Travel» компаниясының білікті мамандары қажылық сабақтарын ұйымдастырып, ұлы сапардың маңыздылығы мен рәсімдерін тереңнен түсіндірген еді. Сондықтан да, «Хикмет Travel» ұжымына зор алғыс айтамын.
ЖҰМАБАЕВ ҒАЛЫМ
Алматы

Start typing and press Enter to search